Ұлттық киім – Қазақ елінің заманауи мәдениетінің ажырамас бөлігіFarabi University

Ұлттық киім – Қазақ елінің заманауи мәдениетінің ажырамас бөлігі

18 наурыз, 2025

2025 жылғы 18 Наурызда ТДМ 4 «Сапалы білім» мен Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімді насихаттау мақсатында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Ұлттық киім – Қазақ елінің заманауи мәдениетінің ажырамас бөлігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Ө. Жолдасбекова, ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.А. Баянбаева, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Б. Сәткенова және кафедра оқытушылары қатысты. 

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Темірболат, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ә. Қалқабаева, филология ғылымдарының кандидаты С.Б. Тілеубаев, PhD, доцент Г. Р. Даутова, аға оқытушы Ш.А. Шортанбай баяндама жасады. Олар ұлттық киімнің мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудағы, ұрпақтар сабақтастығындағы, жастарды тәрбиелеудегі тарихы, символдық маңызы мен рөлі туралы айтып берді. Ұлттық киім – қазақ халқының өзіндік ерекшелігінің көрінісі. Ұлттық киім – өткен және қазіргі Қазақстан мәдениетінің ажырамас бөлігі.