Білім беру бастамалары және кәсіби бағдар жұмысы

Бақанас ауылына сапар аясында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Аргимбаева Ақмарал Мұхамбетовна Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар кездесуін өткізді. Кездесу барысында оқытушылар мен студенттер оқушыларға химия ғылымының мүмкіндіктері, қайталама шикізатты қайта өңдеу болашағы және экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Жасөспірімдер арасында ғылымды насихаттауға ерекше назар аударылды. Оқушыларға қарапайым, бірақ әсерлі химиялық тәжірибелер көрсетіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктері және студенттік ғылыми жобаларға қатысу жолдары түсіндірілді. Мұндай шаралар БҰҰ-ның ТДМ №4 – "Сапалы білім беру" мақсатына сай келеді және жастардың ғылым мен технология саласына қызығушылығын арттырады.
"NeoCarbon" компаниясы мен мектеп әкімшілігі студенттердің экологиялық ойлау мен білім беру мотивациясын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы уақытта да осындай ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.
Басқа жаңалықтар


