- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» бағыты аясында кездесу ұйымдастырылды
Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» бағыты аясында кездесу ұйымдастырылды
19 наурыз, 2025

2025 жыл 19 наурызда Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» бағыты аясында «Ренессанс мәдениеті" пәні бойынша педагогикалық тәжірибе шеңберінде «Мәдениеттану» мамандығының 1-курс студенттері Падуа университетінің магистранты Валентина Замбонмен кездесті.
Кездесу барысында студенттер Ренессанстың отанынан келген қонақтан Ренессанс мәдениетіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми және танымдық пікір алмасты. Бұл шара студенттердің мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға, академиялық тәжірибе алмасуға және жаһандық көзқарастарын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: PhD, аға оқытушы Каупенбаева С.М., 1-курс докторанты Жұбанышов А.Ш.
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025