"Жыл басы-әз Наурыз" мерекелік іс-шарасы

18 наурыз 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің жатақханасында Метеорология және гидрология кафедрасының 1 курс студенттері ұйымдастыруымен және Арыстамбекова Д.Д., Мунайтпасова А.Н., Оспанова М.С. және Казакбаева Т.М. кураторларының жетекшілігімен "Жыл басы-әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке көктемнің жаңаруын, татулық пен бірлікті дәріптейтін ерекше күн болды.
Іс-шара ұлттық дәстүрлер мен салт-жоралғыларды қамтыған мазмұнды бағдарламаға толы болды. Жүргізушілер Наурыздың маңыздылығын атап өтіп, халыққа ізгі тілектерін білдірді. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен күй орындалып, ата мен апаның ақыл-кеңесі көрініс ретінде қойылды. Дәстүрлі дастарқан жайылып, Наурыз көженің маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттер ұлттық би орындап, қазақтың төл өнерін паш етті. Көпшілік асық ойнап, Наурыздың мерекелік көңіл-күйін ерекше сезінді. Іс-шара соңында жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіліп, көрермендерге Наурыздың жарқын тілектері жолданды.
Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымының №11 Тұрақты даму мақсаты – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар қағидаттарына толықтай сай ұйымдастырылды. Ұлттық мәдениетті сақтау, дәстүрлерді дәріптеу және қауымдастық ішінде бірлікті нығайту арқылы шара қазақ халқының рухани құндылықтарын ұлықтауға арналды.
Осылайша, "Жыл басы-әз Наурыз!" мерекелік кеші ұлттық дәстүр мен мәдениетімізді ұлықтаған, студенттердің белсенділігін көрсеткен ерекше шара болды. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық әкелсін!
Басқа жаңалықтар

