Ахмет Байтұрсынов атындағы музейге экскурсия

2025 жылдың 19 наурызында Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанттары Ахмет Байтұрсынов атындағы музейге экскурсия ұйымдастырып, оған 1 курс магистранттары қатысты. Іс-шараның мақсаты – ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын жастарға таныстыру, оның қазақ тіл біліміндегі орны мен қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру болды.
Экскурсия барысында исламтанушы магистранттар Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби мұрасымен танысып, оның қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі мен ұлттық мәдениетімізге қосқан еңбегі туралы кеңінен ақпарат алды. Музейдің экспозициялары арқылы Ахмет Байтұрсыновтың тұлғасы, оның саяси және әлеуметтік көзқарастары жайлы тың деректер ұсынылды.
Бұл шара магистранттарға Ахмет Байтұрсыновтың мұрасын тереңірек зерттеуге, сондай-ақ қазақ халқының ұлы тұлғаларының рухани мұрасын бағалауға мүмкіндік берді. Докторанттар ұйымдастырған іс-шара ғылыми бағыттағы білім алушылар үшін аса маңызды және пайдалы болды.
Ұйымдастырушылар: PhD доктор Каупенбаева С.М., доцент Балтымова М.Р., профессор Борбасова К.М., фил.ғ.к. Аликбаева М.Б., PhD доктор Аманқұл Т.О., профессор Бегалинова К.К., PhD докторант Айдос Ә.М., PhD докторант Ерімбет Р.Е., PhD докторант Бекмуханбетов Н.Р.
Басқа жаңалықтар

