«Б.Момышұлының – 115 жылдығы»Farabi University

«Б.Момышұлының – 115 жылдығы»

20 наурыз, 2025

 

2025 жылдың 20 наурызында, Тұрақты даму мақсаттары аясында, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының, Ұлы Жеңістің 80-жылдығына, Б.Момышұлының – 115 жылдығына арналған іс-шара өтті

Іс-шараны дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға-оқытушысы Аликбаева М.Б. жетекшілігімен "Мәдениеттану" мамандығының 1 курс докторанты Жексенбаева М.А. ұйымдастырды. Іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен Ұлы Жеңістің 80-жылдығына, Б.Момышұлының – 115 жылдығына арналған іс-шара – бұл тарихи оқиғаның маңыздылығын атап өту, соғыс ардагерлерін еске алу және бейбітшілік пен келісімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы батырлық пен ерлікті дәріптеу, жастарға патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ, соғыс зардаптарын ұмытпау қажеттілігі туралы сөз қозғалды.