Наурыз – көктем және мейірім мерекесі
.jpg)
19 наурызда әдемі «Наурыз» мерекесі қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттер топтарында ТДМ 16 аясында «Наурыз – көктем және мейірім мерекесі» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Топ кураторлары Аитпаева А.С. және Якубаева К.С. Қытай мен Кореядан келген студенттерді бұл мерекенің тарихымен және дәстүрлерімен таныстырды. Студенттер бұл мерекенің 5000 жылдан астам уақыт бойы көптеген азиялық халықтарда 21-22 наурыз күндері күн мен түн теңескен уақытта атап өтілетінін білді. Іс-шара барысында бұл мейрам көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын , үлкендерге құрмет көрсетуді, адамдарға мейірімділік танытуды, достық пен сүйіспеншілікті білдіретіні айтылды.
Студенттер елімізде Наурызға қалай дайындалатынына қызығушылық танытты: үйлер мен көшелерді тазарту, ұлттық киімдер кию, дәстүрлі тағамдар әзірлеу сияқты жайттар сөз болды. Әсіресе «Наурыз көже» тағамы ерекше талқыланды. Студенттер оны міндетті түрде дәмін татып көргісі келетіндерін жеткізді. Сондай-ақ, Наурыз мерекесінде адамдар бір-біріне қонаққа барып, мол дастарқан жаятыны айтылды. Кураторлар ақсақалдардың жастарға қандай ізгі тілектер айтатынын түсіндірді. Өз кезегінде студенттер мұндай мерекеде қандай тілектер айтылуы мүмкін екендігі жайлы өз ойларын бөлісті.
Шетелдік студенттер үшін ерекше қызықты ақпараттың бірі – қазақ халқының дәстүрі бойынша Наурыздың бір ай бойы тойланатыны болды. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, Жаңа жылда баршаға бейбітшілік пен сәттілік тіледі.
Айтпаева А.С., Якубаева К.С.
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы.
Басқа жаңалықтар


