«ТДМ»-ның 17 бағыты: халықаралық ынтымақтастық аясында өткен кездесуFarabi University

«ТДМ»-ның 17 бағыты: халықаралық ынтымақтастық аясында өткен кездесу

20 наурыз, 2025

2025 жылы 20 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультет көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Тұрақты даму мақсаттарының» бағытын қамтитын №17 «Орнықты дамуға қол жеткізу құралдарын нығайту және орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік тетіктерінің жұмысын жандандыру» әлеуметтік жобасы аясында және кафедраның 40 жылдық мерейтойына орай   халықаралық  ынтымақтастық аясында ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының өкілдерімен  шетелдік студенттердің қатысуымен   кездесу өткізді.

Кездесуге Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының консулы Лу Чжэньюй, консул-атташе Лю Чуньюй, консул-атташе Лю Цзыси, консул-атташе Линь Чэньсинь  және кафедраның оқытушылары, орыс және қазақ тілдерін оқып жүрген қытайдан келген студенттер қатысты.  Жиында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы  Сартаев Спатай Алтынбекұлы құттықтау сөзінде кафедраның, факультеттің тарихымен, ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарымен таныстырып өтті. Кездесу барысында қатысушылар баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті, сонымен бірге студенттер де өз сұрақтарына жауап алды, білім, ғылым саласындағы екі жақты әріптестік талқыланды.

 

 

А. Саденова.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру дайындығы факультеті

Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының доценті