Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау мәселесі талқыландыFarabi University

Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау мәселесі талқыланды

21 наурыз, 2025

Теңіз экожүйелерін сақтау - 14 тұрақты даму мақсаты аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті, б.ғ.к. Г.А. Мұқанованың жетекшілігімен  8D05205 – «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандығының 1-курс докторанттары Сарсенбаева Г.Б., Әлимұратқызы А. педагогикалық практика барысында Экология мамандығының 2-курс студенттерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел «Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау» тақырыбына арналды.

Шара барысында студенттерге Каспий теңізінің экожүйесі, оның биоалуантүрлілігін сақтаудың маңызы мен қазіргі экологиялық мәселелер туралы ақпарат берілді. Қатысушылар теңіз экожүйесіне антропогендік факторлардың әсері, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау шаралары туралы баяндамалар тыңдап, пікір алмасты.

Бұл дөңгелек үстел докторанттардың педагогикалық дағдыларын жетілдіруге, ал студенттердің экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Осындай ғылыми-танымдық кездесулер қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімді тереңдетуге және жас экологтардың кәсіби дамуына өз үлесін қосады.