Достық дастарханы: әртүрліліктегі бірлік

2025 жылғы 19 наурызда Наурыз мейрамын жаңа форматта мерекелеу аясындапедагогика және білім беру менеджменті кафедрасының магистранттары мен студенттеріэдвайзер Д.А. Нұрғалиева мен куратор А. А. Масимбаеваның жетекшілігімен достықтыңбай дастарханын жайды. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдері – қазақтар, орыстар, молдовандар,немістер, қытайлар, тәжіктер, түрікмендер – өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, оларды дайындау құпияларымен бөлісті, сондай-ақ тағамдарға қатысты дәстүрлер меннанымдар туралы айтты.
Дастархандағы құрметті орынды мерекенің басты тағамы, жаңа жылдағы береке мен молшылықтың символы – Наурыз көже иеленді. Сондай-ақ, үстелге бауырсақ, құрт, ірімшік, жент, талқан қойылды. Қонақтарға түркі халықтарының дәстүрлі тағамы қаттама, ірімшік пен сүзбе қосылған молдова плациндасы, қара өрік қосылған неміс бәліші Zwetschgenkuchen және басқа да әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдары ұнады.
Іс-шара мәдени алмасу мен ұлтаралық бірлікті нығайтудың жарқын үлгісі болды. Ол жастарға әртүрлі халықтардың дәстүрлері мен аспаздық мұраларымен танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың бірігуіне, мәдени әртүрлілікке құрметпен қараудыжәне достық пен өзара түсіністіктің құндылығын түсінуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

