«Отбасы берекесі – ұлттық құндылықтар»Farabi University

«Отбасы берекесі – ұлттық құндылықтар»

20 наурыз, 2025


2025 жылдың 20-наурызында Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасында «Отабасындағы құндылықтар» тақырыбында семинар өтті. Семинарға журналист, психолог Алғадай Әбілғазыұлы қатысты. Іс-шара барысында қазіргі замандағы отбасылық мәселелер, отбасы берекесінің тетіктері, отбасының маңызы мен құндылықтары туралы ашық талқылау, қызу әңгіме болды. Отбасылық құндылықтарға талдау жасау барысында ұлттық ерекшелік, жаһандану дәуіріндегі атқарылатын іс-амалдар туралы пікірлер ортаға салынып талқыланды.
Жиын соңында студенттер бұл шараның өздері үшін өте қызықты болғанын айта келе, ұйымдастырушылар мен Алғадай Әбілғазыұлына алғыстарын айтты.
Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану мамандығының 1 курс докторанты Әділжан Гүлдана , жетекші аға оқытушы Мұқан Нұрзат. 
Қатысушылар: Дінтану және мәдениеттану мамандығының 3,4-курс студенттері.