ТДМ 4 :Тайм-менеджмент – сапалы білімнің құралыFarabi University

ТДМ 4 :Тайм-менеджмент – сапалы білімнің құралы

18 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары PhD Абдильдина К.М. және Абдрасилова А.К. 2025 жылдың 18 наурызында «Тайм-менеджмент және эффективті ғалымның дағдылары» тақырыбында білім жетілдіру семинарын өткізді. Іс-шараның арнайы қонағы ретінде Назарбаев Университетінің үшінші курс докторанты, ғылыми қызметкері Отыншиев Е.Б. шақырылды.

Семинар студенттер мен жас ғалымдардың уақытты басқару дағдыларын дамытуға бағытталды, бұл БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 – «Сапалы білім беру» жүзеге асырылуына ықпал етеді. Іс-шара барысында спикерлер құнды тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми және оқу қызметін тиімді жоспарлаудың негізгі әдістерін таныстырды:

  • Эйзенхауэр матрицасы, 1-3-5 әдісі, MoSCoW және т.б.;
  • Стратегиялық жоспарлау және проактивті көзқарас;
  • Халықаралық жобаларға қатысу және шетелдік тағылымдамалар;
  • Ғылыми қызмет, оқыту және жеке міндеттерді үйлестіру.

Сонымен қатар, семинар қатысушылары академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Спикерлер Король Хуан Карлос университетінде (Испания) және Бар-Илан университетінде (Израиль) өткен тағылымдамалар тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық білім беру бағдарламалары мен гранттарды іздеу бойынша практикалық кеңестер берді.

Іс-шара студенттер мен жас зерттеушілер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар алған білімдер ғылыми және білім беру қызметінде өнімділікті арттыруға және уақытты тиімді басқаруға көмектесетінін атап өтті.

 

PhD, аға оқытушы Абдильдина К.М.

Оқытушы Абдрасилова А.К.