Қазақ ұлттық спортын насихаттау күні

2025 жылдың 20-наурыз күні Ұлттық спорт күніне орай кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Спорт - денсаулық кепілі атты іс-шара өткізді. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №3 аясында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау, ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Қуаналиева, аға оқытушылар С.М. Жапақов және М. Умбетов болды. Студенттер арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық сияқты ұлттық ойындардан сайыстарға қатысып, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты. Бұл шара жастарға ұлттық спорт түрлерін дәріптеудің маңыздылығын түсіндіріп, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.
Басқа жаңалықтар

