Тілдік көпір: ҚазҰУ студенттері қытай және орыс тілдерін мәдени диалог арқылы меңгерудеFarabi University

Тілдік көпір: ҚазҰУ студенттері қытай және орыс тілдерін мәдени диалог арқылы меңгеруде

25 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының PhD, аға оқытушысы Нуржаева А.М. қытай тілін оқытатын топтарда қытай тілі мен орыс тілін меңгеруші студенттерді біріктіре отырып, ерекше мәдени диалогқа негізделген оқыту әдісін қолдануда.

Әрбір сабақ тек грамматика мен лексиканы меңгеру ғана емес, нағыз тілдік тәжірибе болып табылады. Орыс тілді студенттер қытайлық студенттерден дұрыс айтылу мен тондарды үйренсе, қытайлық студенттер тікелей қарым-қатынас арқылы орыс тілінің ерекшеліктерін меңгереді.

Оқытушы екі жақты алмасу ортасын құрып, студенттерге жұптық және шағын топтарда жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектесуге мүмкіндік береді. Интерактивті тапсырмалар, рөлдік ойындар мен пікірталастар жаңа білімді тәжірибе жүзінде қолдануға көмектеседі. Маңыздысы – тіл тек оқулықта қалмай, қарым-қатынас құралына айналуы керек.

Сабақтарда мәдени аспектке ерекше мән беріледі: студенттер тек тілді меңгеріп қана қоймай, бір-бірінің дәстүрлерімен, менталитетімен және қарым-қатынас ерекшеліктерімен танысады. Бұл тіл логикасын тереңірек түсінуге және тілдік кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді.

Мұндай өзара әрекеттесу сабақтарды ерекше құнды етеді: студенттер білімді тек оқулықтардан ғана емес, достық, тәжірибе алмасу және мәдени өзара түсіністік арқылы да меңгереді.