19-наурыз Жаңару күніFarabi University

19-наурыз Жаңару күні

19 наурыз, 2025

2025 жылдың 19наурызында Жаңару күніне орай кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Табиғатты аялайық тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды.

Іс шара барысында заң факультетінің 108-тобында оқитын студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №18 студенттер үйінде экологиялық бастама іске асырды. Олар алма ағаштарын отырғызып, бөлме гүлдерін екті. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және экологиялық сананы қалыптастыру.

Іс-шараның ұйымдастырушысы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Қуаналиева мен топ кураторы К.А. Бахманова өз бастамаларын ұсынды. Олар студенттерге экологияны қорғау және табиғатқа қамқорлық көрсету арқылы қоғамға пайдалы болудың маңыздылығын түсіндірді.