- Басты бет
- Жаңалықтар
- Агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллектті енгізу арқылы ауылдық аймақтарда экономикалық тұрақтылықты нығайту: құқықтық реттеу және мемлекеттік қолдау
Агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллектті енгізу арқылы ауылдық аймақтарда экономикалық тұрақтылықты нығайту: құқықтық реттеу және мемлекеттік қолдау
.png)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық аясында «Агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллектті енгізу арқылы ауылдық аймақтарда экономикалық тұрақтылықты нығайту: құқықтық реттеу және мемлекеттік қолдау» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.
Дәрістің мақсаты – агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллекттің енгізілуі арқылы ауылдық аймақтардың экономикалық тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ құқықтық реттеу мен мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын көрсету. Шара барысында ауыл шаруашылығында цифрландыру, автоматтандыру және ЖИ технологияларының артықшылықтары мен тиімділігі талқыланды.
Профессор Г.А. Куаналиева жасанды интеллекттің енгізілуі үшін құқықтық инфрақұрылымның қалыптасуы қажет екендігін атап өтті, ал Б. Калымбек мемлекеттік бағдарламалардың агроөнеркәсіп кешенінің дамуына тигізетін әсерін көрсетті. PhD докторы Э.С. Куандыкова ауылдық аймақтарда инновациялық шешімдердің әлеуметтік-экономикалық әсерлерін саралады.
Агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллектті енгізу арқылы ауылдық аймақтарда экономикалық тұрақтылықты нығайту – Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды қадам болып табылады. Бұл шаралар, өз кезегінде, ТДМ-8 және ТДМ-9 мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді құқықтық реттеу мен мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылады.
Басқа жаңалықтар

