Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚазҰАЗИ арасындағы ынтымақтастықFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚазҰАЗИ арасындағы ынтымақтастық

25 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында құқықтану бағытында ғылыми қонақ дәрісі өткізілді. Дәріс ҚазҰУ-дің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен, ҚазҰАЗИ-дің 3 курс студенттеріне арналды. Шарада еңбек құқығы, әлеуметтік саясат және экономикалық өсу арасындағы өзара байланыс талқыланды.

Дәрісті з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева, з.ғ.к., доцент Б. Калымбек және PhD докторы Э.С. Куандыкова жүргізді. Профессор Г.А. Куаналиева еңбек құқығы мен әлеуметтік саясаттың маңыздылығын, ал қауым. профессор Б. Калымбек еңбек құқығының жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы орны мен рөлін ғылыми тұрғыдан негіздеді. PhD докторы Э.С. Куандыкова еңбек заңнамасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі мәселелерін қарастырды.

Бұл іс-шара ҚазҰУ мен ҚазҰАЗИ арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыруға ықпал етті. ТДМ-8. Еңбек пен экономикалық өсу мақсаттары аясында жүзеге асырылды, бұл еңбек құқықтарын қорғау мен экономикалық өсуге ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.