ХІII Республикалық «Үздік лингвист» зияткерлік байқауыFarabi University

ХІII Республикалық «Үздік лингвист» зияткерлік байқауы

31 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы

«Жас лингвистер» клубы

ХІII Республикалық «Үздік лингвист» зияткерлік байқауы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 31 наурыз күні жоғары оқу орындарының магистранттары арасында ХІІІ Республикалық «Үздік лингвист» зияткерлік байқауы өтеді.

Байқаудың басты мақсаты:

  • магистранттардың лингвистика ғылымына қызығушылығын ояту;
  • жас ғалымдардың ғылыми белсенділіктерін арттыру;
  • ғылыми кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу.

Байқауға тіл мамандықтары бойынша оқитын магистранттар қатыса алады.

БАЙҚАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Әр университет іріктеу кезеңін өз ішінде дербес өткізіп, ең үздік үміткерлерді таңдап алады. 

«Үздік лингвист» байқауы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Үй тапсырмасы: «Лингвистика және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша презентация. Өздерін таныстыру және берілген тақырыпты ашу. Қорғауға берілетін уақыт – 5 минут.
  2. Тестілеу (тіл теориясы, жалпы тіл білімі, генеалогиялық, типологиялық классификация бойынша тест сұрақтарына жауап беру);
  3. Лингвистикалық бәйге (тіл білімінің бағыттары мен салалары бойынша таңдап алған сұрақтарға жауап беру)
  4. Полиглот (жағдаяттық сұраққа жауап беру).

Ескерту: Үй тапсырмасы бойынша презентацияны алдын ала төменде көрсетілген электрондық поштаға немесе WhatsApp нөміріне жіберуді сұраймыз!

Өтініш формасы:

Қатысушының тегі, аты-жөні

 

Жоғары оқу орнының атауы

 

Ғылыми жетекшісінің аты-жөні

 

Мамандығы

 

Ұялы телефоны

 

Пошталық байланыс e-mail

 

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 2025 жылдың 25 наурызына дейін көрсетілген uzdik.linguist.kaznu@gmail.com электронды поштаға жіберу қажет.

Ұйымдастырушылар алқасының байланыс телефондары:

+7 747 534 29 42, +7 707 645 3385

Олимпиаданың Instagram-дағы ресми парақшасы @uzdik_linguist

КҮНІ: 31 наурыз, 2025 жыл

БАСТАЛУ УАҚЫТЫ: 13:00

МЕКЕНЖАЙЫ: әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Фараби кітапханасы 303 аудитория