Қазақ әдебиеті және дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында көшбасшылық дәрісFarabi University

Қазақ әдебиеті және дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында көшбасшылық дәріс

19 наурыз, 2025

Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде және ТДМ 4 "Сапалы білім" аясында 2025 жылдың 19 наурызында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы «Қазақ әдебиеті және дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Алуа Берікбайқызы Темірболат кіріспе сөзінде қатысушы студенттер мен магистранттарды, докторанттарды дәріс форматымен таныстыра отырып, дәріскерге сәттілік тіледі. Іс-шараға кафедра оқытушылары – ф.ғ.д., профессор Зұфар Нұрсапаұлы Сейітжанов, PhD, доцент м.а. Гүлназ Рахымқызы Даутова, аға оқытушы Шоқан Амангелдіұлы Шортанбай, аға оқытушы Бақытқожа Байғожаұлы Баязитов және т.б. қатысты.

Дәріс кезінде Т.Е. Қыдыр қазақ әдебиеті және дәстүрлі ислам құндылықтары туралы, сондай-ақ «Исламға дейінгі кезең», «Қазақ даласының исламдануы», ««Екі ғасыр немесе үш ғасыр үнсіздік», «Ислами әдебиетті жүйелеу», «Ислами әдебиеттегі өрнектер мен жанрлар» т.б. мән-маңызы мол, ғылыми негізі терең мәселелер жөнінде ақпарат беріп, өзінің ізденіс нәтижелерімен бөлісті. Студенттер мен магистранттар, докторанттар дәріс барысында белсенділік танытып, тақырып аясында Төрәлі Еділбайұлына түрлі сұрақтар қойып, тұшымды әрі жүйелі жауап алды, пікір алмасты.

Іс-шараны ұйымдастыруға «8D02310 – Инновациялық әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты Мырзақұл Бауыржан, «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары Умбетаев Шынгыс, Кенжеқожаева Алма, Тойбазар Аяжан, Серікжанова Маржан, Сәбит Керімше, Мужигова Гульназира атсалысты.

Іс-шара соңында профессор А.Б. Темірболат доцент Т.Е. Қыдырға мазмұнды дәрісі үшін алғыс айтып, тақырыптың қазіргі қоғам мен жас ұрпақ үшін өзектілігін атап өтті.

Дәріске қатысушылар адамзатты жақсылыққа шақырып, адамгершілік пен ақиқатты, сабырлық пен мейірімділікті жырлайтын, яғни ислам дінінің асыл қасиеттерін көркем сөзбен насихаттайтын тұлғалар және олардың туындылары жөнінде нақты деректер негізінде ақпарат алып, рухани тағылым мен ғылыми ақпаратты бойына сіңірді деп есептейміз.