ХАБАРЛАНДЫРУFarabi University

ХАБАРЛАНДЫРУ

26 наурыз, 2025

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28 наурызда сағат 11:00-де Еуразиялық Экономикалық Одақтың 10 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 70 жылдығына арналған «Халықаралық экономикалық интеграция жағдайындағы кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы.

 

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, заң факультеті, 329 дәрісхана.

Конференцияны өткізу күні мен уақыты: 28  наурыз 2025 жыл, сағат 11.00-де.