Алғыс айту күні: Қарттарымызға құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісіFarabi University

Алғыс айту күні: Қарттарымызға құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі

15 наурыз, 2025

Алғыс айту күні: Қарттарымызға құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі

Алғыс айту күні — бұл шын жүректен ризашылық білдіріп, жақындарымызға, айналамыздағы адамдарға және өмірдің әрбір сәтіне алғыс айтатын ерекше күн. Біздің қоғамымыз үшін бұл күн тек қана қуаныш пен бақытты сәттерді емес, сондай-ақ өзгелерге көмек көрсету мен қолдау көрсетуге деген ерекше жауапкершілік сезімін де білдіреді.


Қайырымдылық іс-шарасының мақсаты

Қасиетті рамазан айымен қатар келген осындай айтулы Алғыс айту күнінде университетіміздің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің, «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 1-курс докторанттары мен белсенді студенттері Қарасай ауданындағы «Карима» атты қарттар үйіне барып, қарттарымызға қуаныш сыйлау мақсатында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

  • Мекеме: Қарасай ауданындағы «Карима» қарттар үйі

  • Қатысушылар:

    • «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 1-курс докторанттары

    • Белсенді студенттер


Қарттарымыздың өмір жолы мен тәжірибесі

Қарттар үйіндегі тұрғындар — өмірдің талай қиыншылықтарын өткеріп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан аяулы жандар. Олар біздің қоғамымыздың маңызды бір бөлігі және олардың өмір жолы мен тәжірибесі жастар үшін қымбат қазына.

Алғыс айту күніне орай Қарттар үйіне арнайы бару арқылы оларға көңіл бөліп, қуанту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада:

  1. Шағын концерт

    • Әндер мен өлеңдер айтылып, қарттардың бірге ән шырқауына мүмкіндік берілді.

  2. Сыйлықтар мен дастархан

    • Әрбір қартқа арнайы сыйлықтар тарту етіліп, дастархан жайылды.

  3. Жылы лебіздер

    • Қарттардың жан дүниесін жылытып, көптен бері сөнбей қалған жарқын естеліктерін жаңғыртты.

    • Қарттар да өздерінің әлі де айналасына керек екендіктерін сезінгенін айтып, алғыстарын жеткізді.

Бұл шара барысында әрбір қартқа жеке көңіл бөліп, олардың өмірлік тәжірибесіне құрметпен қарау өте маңызды екені айтылды.


Маңыздылығы мен нәтижесі

  • Қарттарымыздың әңгімелерін тыңдау арқылы өткеннің құнды сәттері мен бүгінгі күннің маңыздылығын түсіндік.

  • Бір-бірімізді бағалауды, әрбір қарттың өмірінің маңызды екенін ұмытпай, құрметпен қарауды үйрендік.

  • Қоғамның оларға көңіл бөлетіні, жақындарын іздейтіні үлкен қолдау екенін тағы да дәлелдедік.

  • Қарттарымызға деген құрметімізді білдіру арқылы өмірдің қадірін, әрбір сәттің бағасын білуге үйрендік.

  • Қарттардың жүзіндегі жарқын күлкі мен бақытты көзқарас — біз үшін ең үлкен сый болды.


Мұндай іс-шаралар тек алғыс айту ғана емес, сондай-ақ қоғамымыздағы үлкендердің өміріне тереңірек үңілу мен олардың қадірін түсіну үшін қажет.

Алғыс айту күні баршамызға бір-бірімізге ризашылығымызды білдіруге, жанымыздағы адамдарды бағалауға мүмкіндік береді. Қарттарымызды құрметтеу, оларға көңіл бөлу — адамгершіліктің биік үлгісі.