Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттарының 2025 жылғы наурыз айындағы мектептердегі кәсіптік бағдар беру кездесулеріFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттарының 2025 жылғы наурыз айындағы мектептердегі кәсіптік бағдар беру кездесулері

26 наурыз, 2025

«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы
Наурыз, 2025 жыл


 Мақсаты:

Жоғары сынып оқушыларына ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және криптология бағытында кәсіби бағдар беру, университет пен мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсыну.


🏫 Кездесулер тізімі


1. Abylaikhan Innovative School

2025 жылдың 17 наурыз күні Abylaikhan Innovative School мектебінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының 1 курс докторанты Нурлыбаева Г.М. жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға университет құрылымы, факультеттер мен білім беру бағыттары жөнінде кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, «Криптология» және «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтарының ерекшеліктері, болашағы зор бағыттары, еңбек нарығындағы сұранысы және бұл салада маман болудың маңыздылығы түсіндірілді.

Нурлыбаева Г.М. оқушыларға мамандық таңдауда ескеретін негізгі факторлар, қазіргі заманғы ІТ-саладағы трендтер мен талаптар жайында пайдалы кеңестер беріп, оқушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Кездесу жылы әрі мазмұнды атмосферада өтті.

 

 


2. №185 мектеп гимназиясы

2025 жылдың 14 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының 1 курс докторанты Бимолдина Ж.А. Алматы қаласындағы №185 гимназия мектебінде кәсіби бағдар беру мақсатында 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында университеттің білім беру жүйесі мен факультеттің құрылымы таныстырылып, «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы кеңінен мәлімет берілді. Докторант оқушыларға ҰБТ-ға дайындық барысы мен ҚазҰУ-ға қабылдану талаптары жөнінде нақты ақпарат ұсынып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, киберқауіпсіздік саласының қазіргі еңбек нарығындағы сұранысы, мансаптық өсудің мүмкіндіктері мен бұл мамандықтың болашағы жайлы мазмұнды талқылау жүргізілді. Кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі танымды сипатта өтті.


3. №57 ЖББ мектебі

2025 жылдың 17 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының 1 курс докторанттары Басшықызы Д. және Оданова Н.А. ЖББ №57 мектебінде кәсіптік бағдар беру мақсатында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында докторанттар университетке түсу жолдары, қабылдау талаптары, студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет ұсынды. Сонымен қатар, ҚазҰУ-да жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар және академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы айтылып, ІТ саласындағы өзекті мүмкіндіктермен таныстырылды.

Оқушылар белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Бұл кездесу олардың ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздікке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға сенімді қадам жасауға ынталандырды.

 


4. №198 мектеп-гимназиясы

2025 жылдың 19 наурыз күні Алматы қалалық №198 мектеп-гимназиясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының 1 курс докторанты Сейтқали Ғ.Т. кәсіптік бағдар беру мақсатында 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында докторант кафедраның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері жайлы толыққанды ақпарат беріп, ақпараттық қауіпсіздік пен криптология саласының заманауи маңызына тоқталды. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы қазіргі трендтер, ІТ саласындағы еңбек нарығының талаптары мен киберқауіпсіздік мамандарының өсіп келе жатқан сұранысы жөнінде кеңінен әңгіме қозғалды.

Кездесу мотивациялық сипатта өтіп, оқушылармен ашық диалог форматында пікір алмасу ұйымдастырылды. Сұхбат барысында оқушылар өз ойларын бөлісіп, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт алды.

 


Бұл кездесулер – оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, киберқауіпсіздік саласына деген ынтасын арттыруға, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру мүмкіндіктерімен танысуына үлкен септігін тигізді.