✨ Наурыз – жаңару мен береке мерекесі! ✨Farabi University

✨ Наурыз – жаңару мен береке мерекесі! ✨

26 наурыз, 2025

Бүгінгі іс-шарада ата-бабамыздың асыл мұраларын дәріптеп, ұлттық дәстүрлерімізді жаңғырттық. Сынсу айтып, күмбірлеген күй тарттық, барша халықтың бірлігін сезіндік.

Наурыз – тек жаңа жылдың бастауы емес, мейірімділік пен татулықтың символы. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, ырыс-береке орнасын.