
ТДМ 2 шеңберінде Азаматтық құқық, Азаматтық процесс және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Ж. с. Сапарбекова және 201-топ Наурыз мерекесін мерекелеу құрметіне қайырымдылық акциясын өткізді. Қазақтың асыл қасиеттерінің бірі-жомарттық, кең пейілдірік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу- өзіңде барды өзгелермен де шын жүректен бөлісу. Осыған орай, келіп жеткен айлардың сұлтаны, қасиетті Рамазан айында игі істер мен амалдар жасамақ ниетте, “Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы” кафедрасымен бірлесе отырып, “Құқықтану мамандығы 201-топ” студенттері “Қайырымдылық акциясын” өткізген болатын. Жиналған қаражат түгелімен ота жасауға үлкен қаражатқа мұқтаж балаға аударылды. Рамазан айы-рухани азыққа толы берекелі ай болып табылады. Қайырымды іс жасап жарысайық!
Ұстаған оразаларыңыз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын!
Басқа жаңалықтар


