
Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранттары Есенбекова Ажар және Кистаубаева Амина 17.03.2025 күні педагогикалық практика аясында «Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс студенттеріне «Кітап оқу – білім көзі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Шараға шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Аушенова А.С. да қатысты.
Іс-шарада студенттерге кітап оқудың маңыздылығын түсіндіріліп, олардың оқу мәдениетін қалыптастыру және танымдық қызығушылығын арттыру болды. Шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, тарихы, кітап жанрлары мен кітап жайлы пайдалы, қызықты ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, сабақта талқыланған маңызды сұрақтардың бірі «Кітап сіздің өміріңізде қандай орын алады?» және «Кітап жайлы қандай ой білдіре аласыз?» деген сұрақтар қойылды және студенттер өз ойларын жетік әрі терең түсіндіре алды. Талқылау барысында студенттер 4 топқа бөлініп, келесідей сұрақтарға кластер форматында жауап берді. Олар: «Қазіргі заманғы баспа кітаптар мен электронды кітаптардың қайсысы тиімді?», «Кітапты қызықты етіп оқудың тәсілдері», «Қазіргі жастар қандай кітаптарды оқу керек және неге?», «Кітап оқымайтын адамға кітаптың құндылығын қалай түсіндіресіз?». Аталған мәселелерді топпен талқылау барысында студенттер өздерінің қызықты ойларымен және идеяларымен бөлісті. Іс-шараның қорытынды бөлімі ретінде қазіргі танымал кітаптардың үзінділерін таба отырып, кітаптың қашанда маңызды екенін түсінді. Аталған мәліметтер студенттер үшін пайдалы және болашақта өз талғамдарына сай кітап табуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Кураторлық сағатта қарастырылған мәселелер студенттерге ұнады. Студенттер шара барысында туындаған түрлі ойлар мен сұрақтарға талдау жасай отырып, өз ойларын ашық айтуға мүмкіндіктері пайда болды. Іс-шара қазақ және ағылшын тілдерінде өткізілді.
Ұйымдастырушылар:
Шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранттары
Кистаубаева Амина, Есенбекова Ажар
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысы, Аушенова А.С.
Басқа жаңалықтар

