Тұрақты даму мақсаты – 1: Кедейлікті жоюFarabi University

Тұрақты даму мақсаты – 1: Кедейлікті жою

26 наурыз, 2025

2025 жылдың 14 наурыз 117-топ студенттері БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) алғашқысы – кедейлікті жою. Бұл жоба қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп, оның салдары мен шешу жолдарын көрсетуге бағытталды.

�� Мақсаты:

– Кедейліктің қоғамға тигізетін әсерін талдау;

– Оның негізгі себептерін анықтау;

– Кедейлікпен күресу жолдары туралы ақпарат тарату;

– Әлеуметтік жауапкершілікке шақыру.

Түсінігі:

Видеороликте кедейліктің тек қаржылық тапшылық емес, сонымен қатар сапалы білім мен денсаулыққа қолжетімділіктің төмендігі, жұмыссыздық, әлеуметтік теңсіздік сияқты факторлармен байланысты екені көрсетілді. Студенттер бұл мәселені түрлі деректер, шынайы өмір мысалдары және сараптамалық пікірлер арқылы ашып көрсетті. Сондай-ақ, кедейлікпен күресудің тиімді жолдары ретінде білім алудың маңыздылығы, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік қолдау бағдарламалары мен қайырымдылық сынды бастамалар айтылды.

✅ Қорытынды:

Кедейлікті жою – әрбір адамның, қоғамның және мемлекеттің ортақ міндеті. Бұл видеоролик арқылы студенттер кедейліктің салдары тек бір адамға ғана емес, бүкіл қоғамға әсер ететінін көрсетті. Әрқайсымыз білім алып, еңбек етіп, өзгелерге қолдау көрсетсек, әділетті әрі тең мүмкіндіктері бар қоғам құруға үлес қоса аламыз.