- Главная
- Наука
- «ЕЛ МЕН ЖЕРДІҢ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
«ЕЛ МЕН ЖЕРДІҢ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ДӘНЕНҰЛЫ СӘМЕН БАТЫР АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы облысының әкімдігі, Дәненұлы Сәмен батыр атындағы қоғамдық бірлестігі бірлесіп, Дәненұлы Сәмен батырдың туғанына 320 жыл толуына орай 2025 жылы 24 сәуірде «ЕЛ МЕН ЖЕРДІҢ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Сәмен Дәненұлы (шамамен 1704 – 1777) – батыр, қолбасшы. Қазақтың Ұлы жүзі ішіндегі Ботбай руынан шыққан. Қазақ – жоңғар соғыстары кезінде Еңрекей, Бұланты – Білеуті шайқастарында ерлігімен көзге түскен. Аңырақай шайқасында ерлік танытқан Сәмен батырға Төле би «Атың төрт рулы елге жауынгерлік ұран болсын» деп бата берген. Бұқар жырау жырында: «Сәменім ерім Ботбайым. Екі көзі оттайын. Тіл өткір тесіп өтер оқтайын. Ботбайдың қолы тұрғанда, Көп қалмақтан қорықпаймын» деген жолдар бар.
Конференция барысында қазақ батырларының өмірі мен Отан қорғау жолындағы ерліктері, олардың азаттық тарихына қосқан үлесі пәнаралық синтез негізінде ғылыми тұрғыдан талданып, оның жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі орны және маңызы жөнінде пікір алмасу өтеді.
Конференция мақсаты – Қазақ халқының азаттық соғыстарында қол бастаған және сол жолға өмірін арнаған батырлардың күреске толы тағдырының тәуелсіздік тұрғысынан маңызын ашып көрсету. Азаттық жолындағы күрестер сабақтастығын талдай отыра, соның жемісі болған мемлекеттіліктің қалыптасу тарихын айқындау, ортаға ой салу, пікір алмасу.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының орны;
- Сәмен Дәненұлы: өмір жолы мен қазақ тарихындағы рөлі
- Қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының ел қорғау жолындағы күрестері
- Ұрпақтар сабақтастығы – бабалар ізімен
Конференция жұмысына отандық, шетелдік тарихшы, филолог, қоғамтанушы ғалымдар, зиялы қауым және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.
Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшаларда беріледі.
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат. 408 зал.
Басталуы: сағат 10.00.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияжұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2025 жылғы 5-сәуірге дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: 140000, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 413, Қазақстан тарихы кафедрасы, тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-87), 87025247739, e-mail: dautbekovamk@gmail.com немесе Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28 «Ғылым ордасы», 3-қабат, 305-бөлме, shashaevauezhan@mail.ru
Байланыс телефондары мен факс: тел.: +7(727) 261-67-19, +7 777 232 96 93, факс.: +7(727) 261-67-19
ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!
Қосымша 1
Конференция жинақтарына енетін материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2025 ЖЫЛДЫҢ 1-СӘУІРГЕ ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 5-7 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды «конференцияға» деген айдармен электронды нұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет. Мекен-жай: 140000, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 413, Қазақстан тарихы кафедрасы, тел.: +7 (727) 3773338 (вн. 12-87), 87025247739, e-mail: dautbekovamk@gmail.com
Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың тегі жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference).
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
- жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
- суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт
- Сілтеме тік төртбұрышты жақшамен мәтіннің соңында берілуі тиіс.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі:
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дауытбекова М. Қ.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.
***************************************************************************
-
- Бартольд В. В. История изучения Востока в Европе и России. – В кн.: Соч. –Т.IX. –М.,1977. –286 с.
- Кастельская З.Л. Из истории Туркестанского края (1865–1917). – М.: Наука,1980. –120с.
Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.
ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ
Тегі ______________________________________________________________
Аты_______________________________________________________________
Әкесінің аты (толық)_________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, лауазымы__________________________________________
Жұмыс орны (елі, ұйымның толық атауы, кафедрасы)____________________
Мекен-жай ________________________________________________________
Байланыс телефондары______________________________________________
E-mail_____________________________________________________________
Секция____________________________________________________________
Баяндаматақырыбы__________________________________________________
Мен:
- Секция отырысында баяндама жасаймын;
- Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;
- Сырттай қатысамын.
Другие новости
