«Таза су және санитария – тұрақты даму негізі»

Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы «Таза су және санитария – тұрақты даму негізі» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
ТДМ 6 – баршаға таза су мен санитарияға қолжетімділікті қамтамасыз ету және олардың тұрақты басқарылуын қамтамасыз ету. Су – адам өмірі мен экономиканың барлық салалары үшін маңызды ресурс. Семинар барысында Қазақстандағы су ресурстарын басқару мәселелері, судың ластануы, су үнемдеу шаралары және халықаралық тәжірибе талқыланды.
�� Семинардың негізгі тақырыптары:
✅ Су ресурстарын басқарудың құқықтық және экономикалық тетіктері
✅ Су сапасын сақтау және ластанудың алдын алу шаралары
✅ Су үнемдеу технологиялары мен тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету
✅ Халықаралық тәжірибе және су саясаты
�� Спикер: Карашева Ж.Т.
�� Семинар нәтижелері:
✔️ Су ресурстарын тиімді басқару бойынша ұсыныстар
✔️ Су үнемдеу және таза суға қолжетімділікті арттыру жолдары
✔️ Экологиялық жауапкершілікті арттыру және су мәдениетін қалыптастыру
Басқа жаңалықтар


