- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ғылыми зерттеулерді экологияландыру: жасыл химия принциптері» тақырыбында тәрбие сағаты
«Ғылыми зерттеулерді экологияландыру: жасыл химия принциптері» тақырыбында тәрбие сағаты

2025 жылғы 17 наурызда педагогикалық практика аясында «8D05301-Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттары: аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасынан - Тұрсұн Қ.М., физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасынан - Аликеева А.Е., органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасынан - Дубровский В.А., «6В05301-Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Ғылыми зерттеулерді экологияландыру: жасыл химия принциптері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді «жасыл химия» тұжырымдамасымен таныстыру, химиядағы инновациялық технологиялар мен зерттеу әдістеріне қызығушылығын арттыру, сондай-ақ адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Іс-шара барысында химиядағы экологиялық зерттеу әдістерін әзірлеу, жаңартылатын энергия көздері және Қазақстандағы жасыл энергетиканың болашағы сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Көтерілген мәселелер ТДМ 12 – Жауапты тұтыну мен өндіріске, ТДМ 7 – Арзан әрі таза энергияға, ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендерге бағытталған.
Тәрбие сағатына қосымша ретінде Турсун К.М. мен Аликеева А.Е. жасыл химия принциптерін күнделікті өмірде қолдану және қоршаған ортаны қорғау тақырыбында халық арасында сауалнама жүргізді. Бұл – тұрақты дамудың негізгі қағидаларының бірі.
Басқа жаңалықтар


