«Жұмбақтар» тақырыбындағы ашық дәріс және семинар сабақтары

2025 жылдың 26 ақпанында 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәні бойынша «Жұмбақтар» тақырыбында ашық дәріс және семинар сабақтары өтті. Ашық дәріс және семинар сабақтарын педагогикалық практика негізінде пән оқытушысы ф.ғ.д., профессор З. Сейітжановтың, сондай-ақ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатованың жетекшілігімен «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты А.М. Кенжеқожаева жүргізді.
Ашық дәріс сабағының мақсаты – қазақ халық ауыз әдебиетіндегі жұмбақтардың халық мұрасы ретіндегі қызметін, қалыптасу және даму тарихын тану, зерттелу ерекшелігін, жанрлық сипатын, типтерін, идеялық-мазмұндық мәнін айқындау болса, семинар сабағы дәрісте алынған теориялық ақпаратты тәжірибе жүзінде қолдану үшін студенттердің шығармашылық, логикалық ойлау жүйесін дамытуды, қазақ халық ауыз әдебиетіндегі жұмбақтардың жанрлық сипатын, типтерін, идеялық-мазмұндық мәнін түсіндіруді, тәрбиелік мәнін ұғындыруды мақсат етті.
Сабақта дәстүрлі дәріс форматымен қатар дәріс-презентация және дәріс-дискуссия түрлері өзара байланыста жүзеге асты. Семинар сабағында сұрақ-жауап, шығармашылық және топтық жұмыс, талдау, интерактивті әдістер қолданылып, студенттер сабаққа белсенді қатысты. Ашық дәріс және семинар сабақтарында жаңа тақырыпты талқылау мен студенттер тарапынан қойылған белсенді сұрақтарды талдау жұмысы қарастырылды. Аталмыш сабақтар жоғары ұйымдасқан әдістемелік деңгейде өтті және мақсат-міндеттері орындалды.
Басқа жаңалықтар

