М.Әуезов шығармаларындағы – реалистік сипатFarabi University

М.Әуезов шығармаларындағы – реалистік сипат

19 наурыз, 2025

2025 жылдың 19 наурызында 4 - ТДМ  "Сапалы білім аясында"  "М.Әуезов шығармаларындағы реалистік сипат" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл іс-шараны әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.д., Г. Ж. Болатова мен  Ш.А.Шортанбайдың жетекшілігімен «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс докторанттары  ұйымдастырды.

Ашық тәрбие сағатының басты мақсаты — Мұхтар Әуезовтің шығармашылығындағы реализмнің мәнін ұғындырып, студенттерге қазақ әдебиетінің шыңына шыққан тұлғаның әдебиеттегі рөлін көрсету болды. Тәрбие сағатының тағы бір мақсаты — оқушыларға ұлттық рухты, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, Мұхтар Әуезовтің шығармалары арқылы өмірге, қоғамға деген сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту болды.

Сонымен қатар, ашық тәрбие сағатында «Әдебиеттану» мамандығының  2 курс студенттері Әуезов шығармаларындағы реализмнің негізгі белгілерін талқыланды. "Абай жолы" романы мен "Көксерек" повесіндегі кейіпкерлердің бейнесі, олардың қоғамдағы орны мен мінез-құлқы зерттелді.Студенттерді М.Әуезов шығармаларындағы кейіпкерлерді тану барысында қызықты викториналық сұрақтар қойылды. Олар жазушының шығармашылығындағы маңызды тұстарды өз көзқарастарымен бағалады. Сонымен қатар, тәрбие сағаты барысында "Абай жолы" романының кейіпкерлері мен оқиғаларының сабақтастығы, қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді қалай бейнелегені туралы пікірталасқа ұласты.

Ашық тәрбие сағатының қорытындысында оқушылар Мұхтар Әуезовтің шығармашылығындағы реализмнің мәнін толық түсінді. Жазушының шығармаларында тек жеке тұлғаның тағдыры ғана емес, сол дәуірдің қоғамдық жағдайы да кеңінен бейнеленгені туралы ойлары айтылды. Тәрбие сағаты балаларға ұлттық әдебиетті танып, оның тарихи және мәдени маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді.