Ұлттық киімдер күніFarabi University

Ұлттық киімдер күні

27 наурыз, 2025

Наурыз – көктемнің келуімен бірге жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен берекенің символы. Бұл мерекеде ұлттық киімдерімізді киіп, салт-дәстүрімізді ұлықтау – ата-бабамыздан қалған асыл мұра.

Бүгін 115-топ студенттері ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, Наурыздың ерекше атмосферасын сезінді. Қазақтың зерлі камзолы, оюлы шапаны мен әсем әшекейлері – бәрі де халқымыздың бай мәдениетін көрсетеді.

Ұлттық киім – тек сән емес, ол – тарихымыздың бір бөлшегі!
Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Берекеміз артып, дәстүріміз жаңғыра берсін!