«Қоғамдағы ерлер мен әйелдердің рөлі»

2025 жылдың 19 наурызында сағат 12.00-де Тұрақты дамудың мақсаттары 5 гендерлік теңдік шеңберінде шет тілдер кафедрасы «Қоғамдағы ерлер мен әйелдердің рөлі» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға кафедра оқытушылары Қ.А.Айсултанова, Г.К.Атабаева және заң факультетінің 1-курс студенттері қатысып, маңызды пікірталастар мен мазмұнды баяндамалар жасалды.
Бұл іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамдағы ерлер мен әйелдердің міндеттері мен рөлдерінің бөлінуіне гендерлік стереотиптердің әсерін зерттеу және талдау, сондай-ақ гендерлік теңсіздік пен кемсітушілікті анықтау, теңдік пен әділеттілікке жету жолдарын іздеу. Іс-шара барысында болашақ заңгер студенттер қоғамдағы ерлер мен әйелдердің рөлін заманауи көзқараспен талқылады. Іс-шараның шарықтау шегі ретінде заң факультетінің студенттері мазмұнды баяндамалармен қатар, ұлттық өнерді паш етіп, домбырамен күй орындап, ән айтты.
Тұрақты даму мақсаттарының 5-ші тармағы бойынша, яғни гендерлік теңдік «Қоғамдағы ерлер мен әйелдердің рөлі» мәселесін талқылау болды. Бұл тармақ әйел немесе еркек рөлі жүктеген көптеген шектеулер бар екенін және бұл шектеулер рөлдердің өзгеруі керек екенін көрсетеді. Осындай іс-шаралар тек білім алмасу алаңы болып қана қоймай, болашақ заңгерлердің қоғамға деген жауапкершілігін арттырып, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

