«Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің идеялық-тақырыптық ерекшелігі және жаңашылдық» ашық дәріс сабағыFarabi University

«Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің идеялық-тақырыптық ерекшелігі және жаңашылдық» ашық дәріс сабағы

12 наурыз, 2025

2025 жылдың 12 наурызында ТДМ 4: «Сапалы білім» бағыты бойынша филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық практика жетекшісі  ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова және пән жетекшісі ф.ғ.д., профессор Ө.Әбдиманұлының жетекшілігімен, «Әдебиеттану» мамандығының І курс докторанты Умбетаев Шыңғыс «Әдебиеттану» мамандығының 2 курс студенттеріне «Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің идеялық-тақырыптық ерекшелігі және жаңашылдық» атты ашық дәріс сабағын өткізді. Дәрістің негізгі мақсаты - Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің идеялық-тақырыптық ерекшелігі және жаңашылдықтың қалыптасу және даму тарихы, зерттелу ерекшелігін, идеялық-мазмұндық мәнін айқындау.

Ашық дәріс барысында студенттер кеңес дәуіріндегі әдебиеттің кезеңдері туралы теориялық білім алып қана қоймай, ақпаратты меңгеру және есте сақтау мақсатында, Мind Map интеллект-карта әдісімен танысып, практика жүзінде әдісті дәріс барысында меңгерді, бұл әдіс студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытады. Топтық жұмыс арқылы олардың бірлескен жұмысы жетілдіріледі, ал интеллект карта әдісін меңгеру арқылы олардың креативті ойлауы дамиды.