Қазақ даласында Ресей империясы сот жүйесі институттарының қалыптасуы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті жанындағы «Еуразия тарихы мен мәдениеті» ғылыми орталығы 2025 жылдың 4 сәуірінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында тақырыбы: «Қазақ даласында Ресей империясы сот жүйесі институттарының қалыптасуы» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстелге тарих ғылымдарының докторы, доцент Воропанов Виталий Александрович, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік басқару, мемлекеттік және муниципалдық қызметтің құқықтық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі қатысады.
Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылдың 4 сәуірі, сағат 15:00. Өткізу орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультеті, 405 аудитория. Ұйымдастырушы: «Еуразия тарихы мен мәдениеті» ғылыми орталығының жетекшісі, т.ғ.д., дүниежүзітарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Сұлтанғалиева Гүлмира Сәлімжанқызы.
Басқа жаңалықтар


