№2 ТДМ "АШТЫҚТЫ ЖОЮ" ШЕҢБЕРІНДЕГІ ІС-ШАРА

2025 жылдың 17 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 1-курс магистранты Серікбай Аружан БҰҰ ТДМ №2- "аштықты жою"-ды іске асыру шеңберінде "Құқық қорғау қызметі" мамандығының 3-курс студенттерімен бірлесіп іс – шара ұйымдастырды. Кездесу қасиетті Рамазан айына орайластырылған қайырымдылық акциясы аясында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың назарын әлемдегі аштық пен азық-түлік тапшылығы мәселесіне аудару болды.
Шараның айрықша сәті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында ораза айында ауыз бекіткен шаруашылық қызметкерлеріне ауызашар кезінде тамақ тарату болды. Іс-шара барысында студенттер аштықтың себептерін және оны қалай жеңуге болатынын талқылап, осы жаһандық мәселені шешуде бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтті.
Басқа жаңалықтар


