Қонақ дәрісі: «Этностық қауымдастықтағы әйелдер – азаматтық және этникалық сәйкестікті қалыптастыру мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің арналары ретінде»Farabi University

Қонақ дәрісі: «Этностық қауымдастықтағы әйелдер – азаматтық және этникалық сәйкестікті қалыптастыру мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің арналары ретінде»

28 ақпан, 2025

 

2025 жылғы 28 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде магистранттар мен докторанттарға арналған «Writing» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ашық отырысы аясында қонақ лекция өтті. Лекция этностық қауымдастықтардағы әйелдердің мәдени мұраны сақтау, азаматтық ұстаным мен этникалық сәйкестікті қалыптастырудағы рөліне арналды.

Спикер: социология ғылымдарының Ph.D докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті, отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы зерттеу ұйымдарының консорциумының жетекшісі, ҚР Сенаты жанындағы аналитика мектебінің түлегі, МНВО 2022–2024 жобасының жетекшісі — Отар Эльмира Сәкенқызы.

Лекция барысында спикер әйелдердің этномәдени медиатор ретіндегі рөліне, дәстүр мен қазіргі заман арасындағы көпір болу мүмкіндіктеріне тоқталды. Этностық қауымдастықтардағы әйелдер азаматтық және этностық сәйкестікті қалыптастыру мен тасымалдаудың басты субъектілері екендігі көрсетілді. Эльмира ханым Қазақстандағы зерттеу тәжірибесін, соның ішінде далалық жұмыстардан алынған мәліметтер мен нақты кейстерді ұсынды.

Лекция Тұрақты даму мақсаттарының 5-мақсаты — Гендерлік теңдік аясында талқыланды:

  • Әйелдердің қоғамдық және саяси өмірге толыққанды қатысуын арттыру;
  • Этномәдени ерекшеліктерді ескеретін инклюзивті саясат қалыптастыру;
  • Гендерлік әділеттілікке бағытталған ғылыми және азаматтық бастамаларды қолдау.

Лекция тыңдаушылардың — әсіресе гендер, сәйкестік пен әлеуметтік саясат мәселелерімен айналысатын жас зерттеушілердің — үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар далалық зерттеу әдістері, әйелдердің көшбасшылық рөлі және инклюзивті даму жолындағы нақты қадамдар жөнінде сұрақтар қойды.

Ұйымдастырушы: Шеденова Н.У., Акмади М.А.