Иван Дмитриевич Молюковтың 115 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік семинарFarabi University

Иван Дмитриевич Молюковтың 115 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік семинар

27 наурыз, 2025

«8D05403 – Механика» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттары Асан Б.Р., Манкеева Г.Р., Тұйғынбеков Қ.М. педагогикалық практика аясында кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Д.Е. Туралина және практика жетекшісі, PhD Б.А. Берденованың ұйымдастыруымен Механика кафедрасының 90 жылдығына орай  профессор Иван Дмитриевич Молюковтың 115 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Іс-шараға Механика кафедрасының ардагер оқытушысы, доцент Баймишева К.Ш., академик Қалтаев А.Ж., профессор Шерьязданов Г.Б., профессор Минглибаев М.Дж., профессор Утенов М.У., профессор Қыдырбекұлы А.Б. және механика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды.

Иван Дмитриевичтің өмірі, ғылыми және педагогикалық еңбегі туралы презентация және сұхбат дайындалды. Механика кафедрасының құрметті оқытушылары Иван Дмитриевич туралы естеліктерімен бөлісті.

Иван Дмитриевич Молюков М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің аспирантурасын аяқтағаннан кейін, С.М. Киров атындағы ҚазМУ Механика кафедрасының негізін қалаушылардың бірі болды. Тынымсыз ғылыми еңбек оның өмірін жастарға үлгі етуге лайық етіп, білім мен педагогикалық шеберліктің шыңына шығарды.

Бұл іс-шара Білім таратуды, ғылыми мұраны сақтауды және жастарды Механика саласындағы зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз ете отырып, орнықты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 4 "Сапалы білім беру" қол жеткізуге ықпал етеді.

Ахметова Балжан Ибрагимқызы,

 ҒИҚ және ХБ жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары