«Климаттың өзгеруіне технологияның әсері»

27 наурыз, 2025 жылы, Филология факультетінің Шетел тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Климаттың өзгеруіне технологияның әсері» атты халықаралық студенттік дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Іс-шара онлайн форматта, ағылшын тілінде, ТДМ 13 мақсатын жүзеге асыру мақсатында Шет тілдер кафедрасының бекітілген жылдық ТДМ іс-шара жоспарына сәйкес өтті. Дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Ауғаныстанның әртүрлі университеттерінің студенттері. Атап айтқанда, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Bolu Abant Izzet Baisal University, Түркия, Нукус педагогикалық шет тілдер институты, Нукус инновациялық институты студенттерінің қатысуымен өтті. Қатысушылар қазіргі заманның ең өзекті тақырыптардың бірі – Тұрақты даму мақсаты 13-ші аясында, Технологияның климаттың өзгеруіне әсері деген глобалды мәселені талқылады. Климаттың өзгеруі - бұл біздің өміріміздің барлық аспектілеріне әсер ететін жаһандық мәселе және технология мәселенің шешімі де, бөлігі де бола алады. Қатысушылар өз презентацияларында ғылым мен технологиядағы заманауи жетістіктер климаттың өзгеруімен күресу үшін жаңа көкжиектерді қалай ашатынын және жаңартылатын энергия көздері, смарт технологиялар және тұрақты ауыл шаруашылығындағы инновациялар көміртегі іздерін айтарлықтай азайтып, қазірдің өзінде болып жатқан өзгерістерге бейімделуге қалай көмектесетінін көрсетті. Олар технологиялардың климаттың өзгеруіне әсер етуінің көптеген аспектілерін қарастырып, болашақта бұл технологияларды қалай қолданатынымыз өзімізге байланысты деген қорытындыға келді.
Ұйымдастырушылар: Г.А. Койтасова, З.А. Узақбаева, М.Ноғайбаева, Н.К. Кеңесбаева
https://drive.google.com/file/d/1wdnbJCH9sZAHQSnaVlXWKqqV357Jg0Zc/view?usp=sharing
Басқа жаңалықтар


