Қытайтану кафедрасының студенттері өндірістік тәжірибелерін сәтті аяқтадыFarabi University

Қытайтану кафедрасының студенттері өндірістік тәжірибелерін сәтті аяқтады

28 наурыз, 2025

       Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының «6B02302–Aударма ісі» (шығыс тілдері) (бірінші жоғары қысқартылған білім) БББ бойынша 3 курстың 9 студенті 9 аптаға созылған (20.01.2025 ж.– 22.03.2025 ж. аралығында) өндірістік практикадан өтті. Практика барысында студенттер 3 жылда университетте алған білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Тәжірибеден өту кезінде студенттер қытай тілінен қазақ/орыс тілдеріне құжаттарды аударды және де рәсімдеуге көмектесті. Практика есептерін толық өткізген, практика өткен компаниялардың директорлары студенттерге жақсы мінездеме жазып, олардың атқарған жұмыстарын жоғары баллмен бағалады. Практика барысында студенттер мол тәжірибе жинады.