- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биоәртүрлілікті сақтау: Сиверс алмасын отырғызу арқылы экожүйені қалпына келтіру
Биоәртүрлілікті сақтау: Сиверс алмасын отырғызу арқылы экожүйені қалпына келтіру
2025 жылдың 26 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы ALMA-KIKA жобасы аясында Тянь-Шань эндемигі – Сиверс алмасының (Malus sieversii) 50 көшетін Іле-Алатау ұлттық паркінің Бутаков шатқалында отырғызу жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шараға біздің серіктестеріміз – «Jerdin Dostary» ұйымы мен Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері де қатысты.
Бұл бастама биологиялық әртүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру және Қазақстанның табиғи мұрасын насихаттауға бағытталған. Сиверс алмасын отырғызудың маңызы ерекше. Бұл алма ағашы – барлық мәдени алма сорттарының ең көне арғы тегі және экожүйенің маңызды бөлігі. Соңғы уақытта бұл түрдің популяциясы адамның шаруашылық қызметі, ресурстарды ұтымсыз пайдалану, орманның кесілуі және қалпына келтіру шаралары салдарынан қысқару қаупінде тұр.
Басқа жаңалықтар

