«Шығармашылық еңбектің мәні, маңызы»

2025 жылдың 28 ақпанында филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Б. Баязитовтың және аға оқытушы, филология ғылымдарының докторы Г.Ж. Болатованың жекшілігімен «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты Зиядибеков Нұрасыл Дәулетбекұлы «Әдебиеттану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Жазушы шеберлігі» пәні бойынша «Шығармашылық еңбектің мәні, маңызы» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық семинар сабағы ТДМ 4-бағыты – «Сапалы білім беру» аясында жүзеге асырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – жазушының жеке лабораториясын зерттеу, шығармашылық еңбектің нәтижесінде туған шығармалармен танысу, жазушының әдебиеттегі орны мен кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы жаңа көзқарастар қалыптастыру. Ашық семинарда «ой қозғау», топтық жұмыс, сұрақ-жауап әдістері қолданылып, padlet онлайн тақтасында кері байланыс жүргізілді. Нәтижесінде студенттер жазушының жеке шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктерін, оның әдебиеттану саласындағы рөлін және маңызын тереңірек түсінді әрі сабаққа өте белсенді қатысты. Бұл семинар студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға, ораторлық қабілеттерін жетілдіруге және жазушы лабораториясына деген ғылыми көзқарастарын кеңейтуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

