Дүниежүзілік тарихшылар күніFarabi University

Дүниежүзілік тарихшылар күні

28 наурыз, 2025

Құрметті оқытушылар, студенттер және тарих ғылымына жанашыр жандар!

Сіздерді 28 Наурыз кәсіби мерекелеріңіз – Дүниежүзілік тарихшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің тарихқа деген сүйіспеншіліктеріңіз қазіргі уақытты жақсы түсінуге және болашаққа сеніммен қарауға көмектеседі. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өткен дәуірлердің оқиғалары жаңғырып, мәдени мұра сақталып, тарихтың жаңа қырлары ашылуда.

Ізденістеріңіз жемісті, жаңалықтарыңыз зор болсын! Сіздерге таусылмас шабыт, ғылыми табыстар мен зор жетістіктер тілейміз!

Тарих факультетінің деканаты!