«Салауатты өмір салты: жан мен тән тепе-теңдігі»

2025 жылдың 25 наурызында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Спанбек А.Н «6В06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2 курс студенттерімен бірлесіп, «Салауатты өмір салты: жан мен тән тепе-теңдігі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) №3 – «Денсаулық пен әл-ауқат» контекстінде салауатты өмір салтының маңыздылығына назар аудару болды.
Іс-шараға студенттер денсаулықты нығайту стратегияларын, стресстің алдын алу әдістерін және күнделікті әдеттерге саналы көзқарасты көрсететін интеллект-карталарын дайындады. Іс-шара студенттердің өз денсаулығына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға, салауатты өмір салты қағидаттарымен және жан мен тәннің үйлесімділігіне қол жеткізу әдістерімен таныстыруға бағытталды.
Іс-шара нәтижелі өтті. Қатысушылар физикалық және психикалық денсаулық арасындағы тепе-теңдікті түсіну жеке дамуда және өмірлік мақсаттарға жетуде басты рөл атқаратынын атап өтті.
Басқа жаңалықтар

