ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу»Farabi University

ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу»

13 наурыз, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» шеңберінде 2025 жылғы 13 наурызда мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары Бақтияр Арна мен Жапарбек Арайлым “Отбасы банк” АҚ-ның байланыс орталығына 1 курс 123 топ заң факультетінің студенттері үшін таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер тұрғын үй несиелендіру, депозиттік бағдарламалар және тұрғын үй қаржыландыру саласындағы мемлекеттік бастамалар бойынша клиенттерге кеңес беру қызметтері жүзеге асырылатын заманауи сервис орталығының жұмысымен танысты. Ерекше назар қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және тұрақты экономикалық өсудің негізгі факторлары ретінде жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне аударылды.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы