- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты дамудың 4-мақсаты: Сапалы білім беру аясында философия және саясаттану факультетінің студенттері арасындағы байқау
Тұрақты дамудың 4-мақсаты: Сапалы білім беру аясында философия және саясаттану факультетінің студенттері арасындағы байқау

Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазақ халқының ұлттық ойындарының басым бөлігі табиғи заттарды пайдалана отырып ойналады. Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, ұлттық ойындары да соған сәйкес бейімделген. Әсіресе, қой шаруашылығы кең тарағандықтан, балалар ойындарының көпшілігі қой асығымен байланысты. Сол себепті асық ойындары – ұлттық ойындардың ең көнелерінің бірі болып саналады. Асық ойыны баланың жүйке жүйесін нығайтып, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынды еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін ойнай алатын түрлі нұсқалары бар.
Осыған байланысты, №4 ТДМ аясында ФжСФ студенттері арасында асық ойынын ұйымдастыруды жөн көрдік. 2025 жылдың 28 наурызында ФжСФ студенттерінің қатысуымен асық ату ойыны өтті. Студенттер белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Асықты шеңберден атып шығарған студенттерге шоколад түрінде жүлде берілді. Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күніне орай студенттерге Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Шара «Қара жорға» биімен аяқталды.
Шараны ұйымдастырған: Джамалдинова М.Т., Оразаева Г.А., Есенаманова Қ.М., Мулдабекова К.Т., Қасымбекова А., Әлмұғамбетова М.С.
Басқа жаңалықтар

