Ашық сабақFarabi University

Ашық сабақ

29 наурыз, 2025

28 наурызда «Қонақжайлылық индустриясындағы қауіпсіздікті басқару» пәні бойынша рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Исалдаева С.Ж. «Қауіпсіздікті басқарудағы ішкі жүйесі: өрт қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

«6В11103-Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері қонақүйлердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі міндеттерімен, нормативтік-құқықтық базамен, автоматты өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелерімен танысып, сонымен қатар атақты қонақ үйлердегі өрт қауіпсіздігінің сәтті шешімдерінің жағдайлары мен мысалдарын зерттеді.

Миға шабуыл, жеке, жұптық және топтық жұмыстарды қолдана отырып, студенттер қонақжайлылық индустриясындағы өрттердің себептерін, қонақтар мен қызметкерлерге төнетін негізгі қауіптерді, олардың алдын алу шараларын талқылады, сонымен қатар маңыздылығына қарай бағалауға тырысты.