
2025 жылғы 26 наурыз күні Филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттеріне арналған ашық семинар өтті. Сабақты аталған кафедраның оқытушысы Карымхан Ақмарал жүргізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің сөйлеу дағдыларын дамыту, тыңдалым мен коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ “Unit 9A: Total Recall” тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Алдымен, тақырыпқа кіріспе ретінде бейнематериал көрсетіліп, студенттерге негізгі ойды ұғынуға мүмкіндік берілді. Одан кейін reported speech тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар орындалды. Теориялық бөлімнен кейін студенттер production task – problem-solving scenarios форматында топтық жұмыс орындап, берілген жағдайлар бойынша өз шешімдерін постер арқылы қорғады.
Сабақ мазмұнды, интерактивті әрі қызықты өтті. Студенттер белсенділік танытып, өзара пікір алмасу барысында тілдік дағдыларын жетілдірді. Ашық сабаққа Түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, пікір білдірді.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, Карымхан Ақмарал Адилқызы.
Басқа жаңалықтар

