🌍 «ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар», сондай-ақ ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты "Үндістан – Орталық Азия" III жастар форумына қатыстыFarabi University

🌍 «ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар», сондай-ақ ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты "Үндістан – Орталық Азия" III жастар форумына қатысты

31 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және Биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Қайранова Гүлзат Қанатқызы 2025 жылғы 22–28 наурыз аралығында Үндістан Республикасында өткен "Үндістан – Орталық Азия" III жастар форумына Қазақстан Республикасының жастар делегациясы құрамында қатысты.

Гүлзат Қайранованың кандидатурасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті тарапынан ұсынылды.

Ресми бағдарлама аясында Үндістан үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерімен, соның ішінде сыртқы істер министрі және жастар істері мен спорт министрімен кездесулер өтті. Жастар алмасуын нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тұрақты даму мен мәдениетаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.

Делегация елдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Дели қаласындағы Үнді технологиялық институтына (IIT Delhi) барды. Қатысушылар инженерлік білім беру, цифрлық технологиялар және стартап мәдениетімен танысып, бұл сапар Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – “Сапалы білім”, және 9-мақсаты – “Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым” бағыттарымен тығыз байланысты болды.

Гоа штатында бағдарлама тарихи-мәдени орындарға (Агуада қамалы, Бом-Жезус базиликасы, Мандови өзені) саяхат пен MY BHARAT үнді жастары қозғалысының еріктілерімен және Гоа штатының губернаторымен кездесуді қамтыды. Бұл сапар қоғамдық өмір мен мәдениетаралық өзара әрекеттестікті терең түсінуге ықпал етті және ТДМ 16 – “Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар”, сондай-ақ ТДМ 17 – “Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік” бағыттарымен үндеседі.

Форумға қатысу халықаралық жастар дипломатиясын дамытуға, академиялық және мәдени көкжиектерді кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға бағытталған елеулі қадам болды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Link: https://www.instagram.com/p/DHv1R3HifG_/?igsh=b2VlN25teW5kZnpi