ТДМ қол жеткізу үшін кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту әдістеріFarabi University

ТДМ қол жеткізу үшін кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту әдістері

5 ақпан, 2025

05.02.2025 Картография және Геоинформатика кафедрасында жас ғалымдарға ТДМ жетістіктеріне қатысты дәріс өткізілді.  Профессор, д.б.н. Әлібеки О.Ә. өткізген лекцияда кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту әдістері талқыланды. Лекцияда бірыңғай ұлттық инфрақұрылымды құру, жасанды интеллект пен машиналық оқыту әдістерін енгізу, ғарыштық және жерүсті мониторингін жетілдіру, ашық деректер мен цифрлық платформаларды дамыту мәселелері көтерілді. Бұл бағыттар Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін кеңістіктік деректердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, кеңістіктік деректерді басқару және құқықтық реттеу, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттілігі сөз болды. Лекция қатысушылары кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамытуға қатысты жаңа әдістер мен технологиялар туралы маңызды білімдер алып, бұл саладағы шешімдер қабылдауды оңтайландыру жолдарын меңгерді.